АТА ЗАҢ - МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ » КГУ "Гимназия № 56 им.К.Сатпаева"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-36-81
Есепші бөлімі:
+7(727) 261-27-68
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА ЗАҢ - МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ
30
тамыз
2023

АТА ЗАҢ - МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ

АТА ЗАҢ - МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде  Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ата Заң - мемлекеттің негізі» атты музейлік сабақ өткізілді.  Дәріске  Қ. Сәтбаев атындағы №56 мектеп гимназиясының оқушылары қатысты. «Егемен Қазақстан» залында әнұран шырқаудан басталған музейлік сабақта Конституция экспозициясы бойынша экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар, қазақ хандығынан бергі дала заңы «Жеті жарғы», билер соты және «Алаш» партиясының  бағдарламасы мен 1995 жылғы 30 тамызда референдумда қабылданған конституция бойынша танымдық ақпараттар ұсынылды.  Іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеттің  оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент  Дәутәлиев Қазыбек арнайы қатысып, Ата заңымыз азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары,   еліміздің толағай табыстарының бастауы екенін ерекше атап өтті.   Сабақты қорытындылау барысында оқушыларға викториналық сұрақтар қойылды.