Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы 2024 жылғы 30 август Құрметті отандастар! Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын! Ата заң – мемлекеттілігіміздің берік тұғыры, еліміздің дәйекті әрі тұрақты дамуының мызғымас кепілі. Мемлекет пен қоғам өмірінің негізін айқындайтын Конституцияда азаматтардың мүддесіне, құқығы мен бостандығына айрықша назар аударылған. Сондықтан Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан барлық ауқымды өзгерістің мақсаты – халықтың әл-ауқатын