Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы 2024 жылғы 25 октябрь Құрметті отандастар! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам – сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің қайта жаңғыруының символы. Ұлттық мереке халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді. Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі