Алматы қаласы Білім басқармасының
«Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-36-81
Есепші бөлімі:
+7(727) 261-27-68
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықбұзушылықтардың алдын алу
18
сәуір
2025

Құқықбұзушылықтардың алдын алу

2025 жылғы 18 сәуірде Медеу ауданының Полиция басқармасының қызметкерлері – полицияның аға лейтенанты, ЖҚАБ жедел уәкілі Досым Нұрбек Бауыржанұлы, полицияның аға лейтенанты, ЖҚАБ жедел уәкілі Еркінбай Бекзат Богданұлы және Медеу ауданының ПБ ЖПҚБ УПИ аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Үсенова Мира Темірхановна №56 гимназияның 8-сынып оқушыларымен түсіндіру-профилактикалық әңгіме өткізді.

Тақырыптар:
 – «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі»,
 – «Қорқытып ақша алу, буллинг және кибербуллинг»,
 – «Мектептегі тәртіп ережелері»,
 – «Электронды темекі шегуге тыйым салу»,
 – «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне тыйым салу».

Мақсат: кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру.