29
сәуір
2025
Ерлік сабағы
2025 жылғы 28 сәуірде біздің гимназияда ерекше Ерлік сабағы өтті. Оқушылармен кездесуге құрметті қонақтар — Ауған соғысының ардагерлері, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрметті ардагерлері, «Застава Тарландары» республикалық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің мүшелері, отставкадағы полковник Ертышпаев Қазақпай Зейнулұлы және отставкадағы аға прапорщик Лопота Виктор Григорьевич келді.
Олар өздерінің өмір жолдарымен бөлісіп, әскери қызметтері, қиындықтары мен ерліктері, нағыз бауырмалдық пен борышқа адалдық жайлы әңгімеледі.
Жоғары сынып оқушылары қонақтарды үлкен ықыласпен және алғыс сезімімен тыңдады.
Мұндай кездесулер бізді бейбітшілікті қадірлеуге, Отанымызды мақтан тұтуға және оны қорғаған жандардың ерлігін құрметтеуге үйретеді.
Қонақтарымызға көрсеткен ерлігі мен рух күшінің үлгісі үшін алғысымызды білдіреміз!