Алматы қаласы Білім басқармасының
«Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-36-81
Есепші бөлімі:
+7(727) 261-27-68
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дене шынықтыру пәні әдістемелік бірлестігінің онкүндігі
22
қыркүйек
2025

Дене шынықтыру пәні әдістемелік бірлестігінің онкүндігі

2025 жылғы 22 қыркүйекте 3 «А» сыныбында Колесникова Т.Г. «Жеңіл атлетика арқылы қимыл-қозғалыс әрекеттері» бөлімінен «Жүгіру, секіру және лақтыру түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары кәсіби деңгейде өтті. Ойын түрінде бірнеше жаттығулар іріктеліп, барлығы сабақ тақырыбына сай болды. Сабақ жақсы қарқынмен, орташа тығыздықта өтті, мұғалім түсіндіру және көрсету әдістерін қолданды.
Негізгі бөлімде критериалды бағалау тәсілі қолданылып, оқушылар бір-бірінің қателіктерін бағалап, түзетті. Дифференциалды тәсіл қолданылды. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталды. Ерекше жағдайларға қарамастан, Татьяна Геннадьевна балалардың қызығушылығын арттырып, сабақтың тақырыбын толық ашты.