Алматы қаласы Білім басқармасының
«Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-36-81
Есепші бөлімі:
+7(727) 261-27-68
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2025 года » Страница 2
Құрметті ұстаздар, қыздар мен аналар!
07
наурыз
2025
Құрметті ұстаздар, қыздар мен аналар!
Сіздерді көктемнің ең жарқын мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!  Сіздерге мықты денсаулық, шексіз бақыт, отбастарыңызға береке мен тыныштық тілейміз. Әр күндеріңіз шуақты болып, жақындарыңыздың қамқорлығы мен сүйіспеншілігіне бөлене беріңіздер! Сіздердің даналықтарыңыз бен мейірімдеріңіз бізді алға жетелейді. Білім беру жолындағы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз және жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Педагогтар аттестаттау ережелері бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы
05
наурыз
2025
Педагогтар аттестаттау ережелері бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы
25.02.2025 ж. бұйрыққа сәйкес педагогтар аттестаттау ережелері бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы (өзгерістермен)
"Ақбота" зияткерлік олимпиада 2025 жыл.
03
наурыз
2025
"Ақбота" зияткерлік олимпиада 2025 жыл.
"Ақбота" зияткерлік олимпиада 2025 жыл. I дәрежелі диплом Пономарева Ева 3 "А" сынып оқушысы. Мұғалімі Сабатаева Асем Сейтжановна
Сейсмикалық жаттығу
03
наурыз
2025
Сейсмикалық жаттығу
  2025 жылғы 3 наурызда К.Сәтбаев атындағы №56 гимназиясында жоспарлы сейсмикалық жаттығу және өрт болған жағдайда эвакуациялық жаттығу өткізілді. Тақырыбы: «Жер сілкінісі мен өрт кезінде басшылық құрамның, қызметкерлер мен жұмысшылардың іс-әрекеті».   10:30-те бірінші ауысымда және 15:00-де екінші ауысымда «Баршаңыздың назарларыңызға» деген сигнал берілді, осы сигналды алғаннан кейін төтенше жағдайлар кезіндегі эвакуация жоспарына сәйкес эвакуация басталып, белгіленген жерде (мектеп ауласы)
Пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау.
01
наурыз
2025
Пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау.
2025 жылғы 1 наурыз  9-11 сынып оқушылары үшін ерекше күн болды — марапаттау күні. Пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.   "Дарын" орталығы жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және төсбелгілермен марапаттады. №56 гимназияның жеңімпаздары: Байбатырова Дамиля, орыс тілі — 1 орын Шевцова Лианна, орыс тілі — 1 орын Бейсембин Джамиль, география — 1 орын Жидебаев Алибек, физика — 2 орын Отыншы Едіге, география — 2 орын Марапаттау.
Назад 1 2 Вперед