26
қыркүйек
2025
Дене шынықтыру пәні әдістемелік бірлестігінің онкүндігі
2025 жылғы 26 қыркүйекте 10 «Е» сыныбында Соловарова М.Г. жеңіл атлетика бөлімінен, жаңартылған білім мазмұны аясында «Жүгіру, секіру және лақтыру техникасын жетілдіру» тарауы бойынша «Секірудің әртүрлі түрленімдері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары кәсіби деңгейде өтті. Жеке, жұптық және командалық жұмыс түрлері қолданылды. Көрсету және түсіндіру әдістері тиімді пайдаланылды. Сабақ жақсы қарқынмен, орташа тығыздықта өтті. Мұғалім оқыту әдістемесін жетік меңгерген.
Тақырып толық ашылды. Оқушылар секірудің түрлі тәсілдерін меңгеріп, мұғалім ұсынған дескрипторлар бойынша бір-бірін бағалады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталды. Өтілген материалды бекіту ойын түрінде жүзеге асырылды.