Алматы қаласы Білім басқармасының
«Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-36-81
Есепші бөлімі:
+7(727) 261-27-68
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 08.05.2025
Жеңістің 80 жылдығына арналған балалар сурет көрмесі
08
мамыр
2025
Жеңістің 80 жылдығына арналған балалар сурет көрмесі
2025 жылғы 8 мамырда гимназиямызда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шығармашылық жұмыстар көрмесі өтті. Жас суретшілер өз туындылары арқылы халқымыздың ерлігіне деген алғысын, мақтанышын және құрметін жеткізді. Әрбір жұмыс — балалардың көзімен айтылған ұлы тарихтың бір бөлшегі. Естен шығармаймыз. Мақтан тұтамыз. Алғыс айтамыз.
«Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік»
08
мамыр
2025
«Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік»
2025 жылғы 8 мамырда №56 гимназияда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік өтті. Оқушылар мен мұғалімдер гимназия аумағын тазалауға үлкен ықыласпен шығып, ортақ іске өз үлестерін қосып, батырлардың рухына құрмет көрсетті. Бұл ортақ еңбек тек көркейту жұмысы ғана емес, сонымен қатар тарихи жадымызды сақтау мен бейбіт өмір үшін күрескен жандардың ерлігіне деген құрметтің маңызын еске салды. Естен шығармаймыз. Мақтан тұтамыз. Алғыс айтамыз.