Алматы қаласы Білім басқармасының
«Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-36-81
Есепші бөлімі:
+7(727) 261-27-68
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар қауіпсіздігі – басты басымдық»
07
сәуір
2025

«Балалар қауіпсіздігі – басты басымдық»

2025 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласының прокуратурасы Полиция департаменті және Психикалық денсаулық орталықтарымен бірлесіп, «Балалар қауіпсіздігі – басты басымдық» тақырыбында жалпықалалық ата-аналар жиналысын офлайн және онлайн форматтарда өткізді.

Қазіргі заманғы әлемде балалардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз! Біз оларды ықтимал қауіп-қатерден қорғау үшін сергек әрі білімді болуымыз керек.

Әр мектептен ата-аналар мен қамқоршылық кеңесінің өкілдері белсенді түрде қатысты.

Жиналыста келесі маңызды мәселелер талқыланды:

Интернеттегі қауіпсіздік: Кибербуллинг пен зиянды контенттен қалай қорғауға болады? Ата-аналық бақылауға арналған кеңестер.

Құқықбұзушылықтардың алдын алу: Қауіпті белгілерді қалай байқауға болады және девиантты мінез-құлықтың алдын қалай алуға болады?

Жолдағы қауіпсіздік: Балаларды қаланың көшелерінде қауіпсіз жүріс-тұрысқа қалай үйрету керек?

Зорлық-зомбылықтың алдын алу: Жестокое обращение жағдайында қалай қорғауға болады және қайда жүгіну керек?

Психологиялық қауіпсіздік: Салауатты атмосфераны қалай қалыптастырып, балаларға қиындықтармен күресуге қалай көмектесу керек?

Кімдер сөз сөйледі?

Прокуратура өкілдері

Полиция департаментінің өкілдері

Психикалық денсаулық орталықтарының мамандары

Педагог-психологтар

Неліктен бұл маңызды?

Балалардың қауіпсіздігі – бұл тек ата-аналардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті! Біз бірге балаларымыз үшін қауіпсіз орта қалыптастыра аламыз.

@akimat_almaty, @edu.almaty, @jasulan_qz, @akimat_medeu, #medeuaudany, @almatydaryny @kopd_mon_rk @oqu_agartu_ministrligi
 #almaty_amanat, #gani.beisembayev, #біртұтас_тәрбие, #almaty_tjd, #almaty
🍎, #біртұтас_тәрбие, #адал_еңбек #балақауіпсіздігі, #безопасностьдетей