Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі 2025 жылғы 01 қаңтар Қымбатты отандастар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашады. Халқымыз екі жылдың тоғысар тұсын ізгі ниетпен, ерекше көңіл-күймен күтеді. Өткен күндерді саралап, ескі жылға баға береді. Арман-мақсатын айқындап,