Алматы қаласы Білім басқармасының
«Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-36-81
Есепші бөлімі:
+7(727) 261-27-68
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лагерьдің 7-күні – Teika Boom-да күлкі мен көңілге толы жарылыс!
03
маусым
2025
Лагерьдің 7-күні – Teika Boom-да күлкі мен көңілге толы жарылыс!
Бүгін балалармен бірге қуатымызды соңына дейін арттырдық! Күлкі, секірулер, белсенді ойындар – Teika Boom-да әр бала өзіне ұнаған іс тапты. Балалар ептіліктерін, достық қарым-қатынасын көрсетті және, әрине, әр сәтке қуанды!
«Күншуақ» лагерінің екінші аптасы жарқын басталды!
02
маусым
2025
«Күншуақ» лагерінің екінші аптасы жарқын басталды!
Бүгін біз жануарлар бағында қызықты саяхатқа аттандық! Балалар сүйікті жануарларын көріп, көп жаңа мәлімет алды және, әрине, көптеген әсерге бөленді! Күлкі, таңданыс, қуаныш — осының бәрі біздің кішкентай табиғат зерттеушілеріміздің көзінен көрінді.
Жазғы лагерь «Солнышко» — 5-күн
30
мамыр
2025
Жазғы лагерь «Солнышко» — 5-күн
  Бүгінгі күн біздің лагерьде шынымен де жарқын әрі энергияға толы болды! Бесінші күн әдеттегідей таңғы жаттығудан және дәмді таңғы астан басталды, содан соң бізді асыға күткен Gravity батут орталығына шығу күтіп тұрды!   Жол бойында балалар ән айтып, әзілдесіп, секірулерді, трюктарды және көңілді ойындарды асыға күтті. Gravity-де балалар жеткілікті түрде секіріп, топтық ойындар ойнап, жылдамдық пен төзімділіктерін көрсетті. Кейбіреулері сальто жасауды үйренсе, енді бірі биіктік қорқынышымен
29 мамыр — «Күншуақ» лагерінің 4-күні
29
мамыр
2025
29 мамыр — «Күншуақ» лагерінің 4-күні
Бүгінгі күн лагерьде ашық аспан астында өтті – біз скверде нағыз мереке ұйымдастырдық! Балалар қызығушылықпен қимылды ойындар ойнады, асфальтқа сурет салып, ойларымен және күлкімен бөлісті. Ал күн соңында дәмді балмұздақпен қуанттық. Балалар ойнап, шығармашылықпен айналысып, балмұздақтан дәм татты!
Бүгін біз қызықты киноға саяхатқа шықтық!
28
мамыр
2025
Бүгін біз қызықты киноға саяхатқа шықтық!
Бүгін біз қызықты киноға саяхатқа шықтық! Балалар мультфильмді қуанышпен қарап, күліп, таңғалып, әсерлерімен бөлісті! Мұндай сәттер жарқын эмоциялар сыйлап, жазды шынымен ұмытылмас етеді!
26 мамыр — «Күншуақ» лагерінің 1-күні
26
мамыр
2025
26 мамыр — «Күншуақ» лагерінің 1-күні
Лагерьдің ашылуы Бірінші күн салтанатты ашылумен басталды! Балалар тәрбиешілермен танысып, күн тәртібі мен тәртіп ережелерін білді. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан кейін балаларды көңілді аниматорлар, флешмоб, сабын көпіршіктері мен мини-дискотека күтті! Көңіл-күй лагерьдің атына сай жарқын әрі шуақты болды!
Соңғы қоңырау – 2025
24
мамыр
2025
Соңғы қоңырау – 2025
Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназия 24 мамыр Бүгін біздің гимназияда Соңғы қоңырау соғылды — бұл түлектер мен бүкіл мектеп қауымдастығы үшін толқынысты әрі ұмытылмас сәт. Салтанатты жиынға оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жиналды: 9-сынып оқушылары жарқын флешмоб көрсетті. Біз 2019 жылғы түлектер қалдырған уақыт капсуласын ашып, 2035 жылғы болашақ түлектер үшін жаңа капсула қойдық. 11-сынып оқушылары мектеппен қоштасып, жүрек толқытар өлеңдер оқыды. Бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің алғашқы
«Білімім – Отаныма!»
23
мамыр
2025
«Білімім – Отаныма!»
Бүгін №56 гимназия оқушылары «Білімім – Отанымa!» тақырыбында эссе жазуға қатысты. Әрбір жұмыс — мектепте алған білімнің болашақты құруға, елді дамытуға және әлемді жақсартуға қалай көмектесетіні туралы шынайы ой-толғау. Оқушылар өз армандары, мақсаттары және Отан алдындағы жауапкершілігі туралы мақтанышпен жазды. Қазақстан игілігі үшін білім алуға ұмтылған жас патриоттарымызбен мақтанамыз!
25 ақпанда гимназия қабырғасында 1-сыныптарда спорттық мереке өтті.
25
ақпан
2025
25 ақпанда гимназия қабырғасында 1-сыныптарда спорттық мереке өтті.
25 ақпанда гимназия қабырғасында 1-сыныптарда спорттық мереке өтті.  Жарқын конкурстар мен қызықты эстафеталардың қатысушылары  әкелер және бірінші сынып оқушылары  болды. Олар өздерінің ептілігін, жылдамдығын және командалық рухын көрсетті.  Мереке соңында барлығы  дипломдармен марапатталып, ұмытылмас эмоциялар алып, уақытты тиімді өткізді. Әкелер мен балалар арасындағы байланысты нығайтып, спорт пен ашық ауада демалуға деген сүйіспеншілікті ояту мүмкіндігін пайдаланды. «Әкемнің қолынан
2025 жылғы 31  қаңтар айында «Рухтың күші әкеде» атты форум өтті
31
қаңтар
2025
2025 жылғы 31 қаңтар айында «Рухтың күші әкеде» атты форум өтті
2025 жылғы 31  қаңтар айында «Рухтың күші әкеде» атты форум өтті Іс-шараның мақсаты: бала тәрбиесіне деген әкелердің көзқарастарын кеңейту, отбасында және бала тәрбиесінде әкелер мен ер азаматтардың мәртебесін көтеру, қоғамда әкенің рөлін биіктету. Жасөспірімдерді тәрбиелеудің негізгі аспектілерін, олардың оқу процесіне бейімделуін және отбасында салауатты қарым-қатынасты қалыптастыруды талқылай алды.