Алматы қаласы Білім басқармасының
«Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-36-81
Есепші бөлімі:
+7(727) 261-27-68
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сәуір 2025 года
Қазақстан халқының бірлігі күні
30
сәуір
2025
Қазақстан халқының бірлігі күні
Қазақстан халқының бірлігі күні 2025 жылғы 30 сәуірде гимназияда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған жарқын әрі шабыттандыратын концерт өтті! Оқушылар еліміздің мәдени байлығы мен әртүрлілігін көрсеткен көркем өнер нөмірлерін үлкен қызығушылықпен орындады. Би, ән, өлең — бәрі көрермендерді достық, құрмет пен көпұлтты Отанымызға деген мақтаныш рухында біріктірді. Бұл мереке шынайы бірлік, бейбітшілік пен келісімнің символына айналды!
Сейсможаттығу
30
сәуір
2025
Сейсможаттығу
2025 жылғы 30 сәуірде біздің гимназияда жалпықалалық сейсможаттығу өтті! Оқушылар, мұғалімдер және гимназия қызметкерлері жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға белсене қатысты. Жаттығу ұйымшыл әрі үйлесімді өтті: белгі бойынша барлығы алдын ала белгіленген бағыттармен ғимараттан шығып, қауіпсіздік ережелерін сақтады. Мұндай іс-шаралар балаларда төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастырып, сабырлылық пен өзін-өзі ұстай білуге үйретеді. Қауіпсіздік — ең бастысы!
Ерлік сабағы
29
сәуір
2025
Ерлік сабағы
2025 жылғы 28 сәуірде біздің гимназияда ерекше Ерлік сабағы өтті. Оқушылармен кездесуге құрметті қонақтар — Ауған соғысының ардагерлері, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрметті ардагерлері, «Застава Тарландары» республикалық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің мүшелері, отставкадағы полковник Ертышпаев Қазақпай Зейнулұлы және отставкадағы аға прапорщик Лопота Виктор Григорьевич келді. Олар өздерінің өмір жолдарымен бөлісіп, әскери қызметтері, қиындықтары мен ерліктері, нағыз бауырмалдық пен борышқа
Азаматтық қорғау
28
сәуір
2025
Азаматтық қорғау
28 сәуір күні 5-сынып оқушыларына арналған «Зілзаланың алдында, кезінде және кейін халықтың іс-әрекеті» тақырыбында онлайн форматта дәріс өтті. Дәрісті Алматы қаласының ТЖ департаменті ұйымдастырды.
Дене шынықтыру пәні бойынша олимпиада
26
сәуір
2025
Дене шынықтыру пәні бойынша олимпиада
2025 жылдың 26 сәуірінде №56 гимназиясында мектеп оқушыларының «Дене шынықтыру» пәні бойынша аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты – жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының «Дене шынықтыру» пәні бойынша білім, білік және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау.
ЖҚЕ
24
сәуір
2025
ЖҚЕ
2025 жылдың 24 сәуірінде №56 гимназиясында бастауыш сыныптар апталығы аясында бастауыш сынып оқушыларына арналған жол жүру ережелері бойынша қойылым өтті. 
2025 ж. 24 сәуірде
24
сәуір
2025
2025 ж. 24 сәуірде
7–8 сынып ұлдар командасын Алматы қаласы бойынша өткен мектеп лигасы аясындағы баскетбол жарысында 3-орын алғанымен құттықтаймыз!
2025 ж. 22–23 сәуірде
23
сәуір
2025
2025 ж. 22–23 сәуірде
9–11 сынып ұлдар командасын Медеу ауданының мектеп лигасы аясында өткен «Алтын доп» кросс жарысында 1-орын алғанымен шын жүректен құттықтаймыз!  
Құқықбұзушылықтардың алдын алу
18
сәуір
2025
Құқықбұзушылықтардың алдын алу
2025 жылғы 18 сәуірде Медеу ауданының Полиция басқармасының қызметкерлері – полицияның аға лейтенанты, ЖҚАБ жедел уәкілі Досым Нұрбек Бауыржанұлы, полицияның аға лейтенанты, ЖҚАБ жедел уәкілі Еркінбай Бекзат Богданұлы және Медеу ауданының ПБ ЖПҚБ УПИ аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Үсенова Мира Темірхановна №56 гимназияның 8-сынып оқушыларымен түсіндіру-профилактикалық әңгіме өткізді. Тақырыптар:  – «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі»,  – «Қорқытып ақша алу, буллинг
2025 ж. 17–18 сәуірде
18
сәуір
2025
2025 ж. 17–18 сәуірде
9–11 сынып ұлдар командасын Медеу ауданының мектеп лигасы аясында өткен «Алтын доп» кросс жарысында 1-орын алғанымен шын жүректен құттықтаймыз!